Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар

Следуй за нами

71

Үлкен отбасыға үлкен көлік: Қазақстанда жаңа Chevrolet Captiva ұсынылды

news single

Chevrolet қазақстандық жүргізушілерге арналған жаңа отбасылық Captiva моделін таныстырды. Сатылым 2025 жылдың сәуірінде басталады, ал қазірдің өзінде көлікті тест-драйвқа жазылуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Жеті орындық кең салоны, трансформерлік орындықтары және заманауи технологияларымен Captiva үлкен отбасылар мен белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін мінсіз таңдау болмақ. Қала ішіндегі қозғалыстан бастап, ауыл арасындағы жолдарға дейін – бұл кроссовер кез келген бағытта сенімді әрі жайлы жүруді қамтамасыз етеді.

Негізгі ерекшеліктері:
 • 1,5 литрлік турбо қозғалтқыш (149 а.к.)
 • Вариатор арқылы жұмсақ және үнемді қозғалыс
 • 200 мм клиренс – нашар жолдан қорықпайсыз
 • Смартфонмен интеграцияланған мультимедиалық жүйе
 • 3 жылдық кепілдік
 • Бағасы: 12 190 000 теңге

Captiva-ның Қазақстан нарығында таныстырылуы Chevrolet үшін маңызды кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Биыл брендтің ел нарығына шыққанына бес жыл толды. Осы уақыт аралығында компания сатылым көрсеткіштері бойынша бірнеше рет көш басында болды. 2021 жылдан 2024 жылға дейін Cobalt моделі ең көп сатылған көлік ретінде тіркелсе, 2024 жылы Қостанайдағы Allur зауытында Onix моделінің толық циклді өндірісі іске қосылды.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться