Автор: ADMIN
Жұмыртқаға шектеу: Қазақстан жарты жылға импортты тоқтатты

Қазақстан алдағы алты айда елге тауық жұмыртқасын кіргізуге уақытша тыйым салды. Бұл шешімге Ауыл шаруашылығы министрлігі бастамашы болды. Министр қол қойған жаңа бұйрық 2025 жылғы 9 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Тыйым барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен жеткізілетін жұмыртқаларға қатысты. Алайда, транзиттік тасымалдар мен ЕАЭО елдері арасындағы өнім өтуіне бұл шектеу әсер етпейді.
Министрлік бұл шешімді көктем-жаз мезгілінде отандық өндірушілерді қолдау қажеттілігімен түсіндіреді. Себебі осы кезеңде жұмыртқаға сұраныс төмендеп, нарықта ішкі өндіріс пен үй шаруашылығы өнімдері басым болады. Бұл жағдай бағаның төмендеуіне, ал кейде өзіндік құнынан да арзан сатылуына алып келіп, құс фабрикаларының табысына кері әсер етеді.
Сонымен қатар, жылы мезгілде жұмыртқаның сақталу мерзімі қысқарады, ал өндіріс көлемі өзгермейді. Бұл тауардың қоймада жиналып қалуына себеп болады.
Сол себепті, ішкі нарықты қорғау әрі отандық тауар өндірушілердің мүддесін сақтау үшін министрлік жұмыртқа импортына уақытша тыйым енгізуді құп көрді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

В Астане стартовал первый саммит “Центральная Азия – Италия”

Astanada “Ortalıq Aziya – Italiya” sammiti bastaldı
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет