Автор: ADMIN
“Барыста” өзгеріс: Бас директор қызметінен кетті
“Барыс” хоккей клубында кадрлық өзгеріс орын алды. Команданың ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, клубтың бас директоры Нұрлан Оразбаев өз қызметінен кеткен, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Оразбаев бұл лауазымға 2024 жылдың қазан айында тағайындалған еді. Басшылыққа келгеннен кейін ол құрамды қайта жасақтап, америкалық және канадалық легионерлерден бас тартты. Негізгі басымдық қазақстандық жас хоккейшілерге берілді. Сонымен қатар, командада ресейлік ойыншылар да өнер көрсетті.
Нұрлан Оразбаев – қазақстандық хоккейдің ардагері. Ол 1968 жылы дүниеге келген. Ойыншылық карьерасында Қарағандының “Автомобилист”, Теміртаудың “Болат” және елордалық “Барыс” командаларында өнер көрсеткен. Бұған дейін де ол “Барыс” клубының президенті қызметін екі мәрте атқарған (2006–2012 және 2013–2015 жылдары аралығында).
Айта кетейік, биыл “Барыс” Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сәтсіз маусым өткізді. Команда Шығыс конференциясында 12-орынмен шектеліп, 68 ойында бар болғаны 35 ұпай жинады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qazaqtıñ balağa aydar, twlım qoyuında ne män bar?
قىز ۇزاتۋ
Қазақтың балаға айдар, тұлым қоюында не мән бар?
Последние новости
Qız wzatu
قىز ۇزاتۋ
Қыз ұзату