Автор: ADMIN
Трамптың тосын шешімі нарықты “жасыл аймаққа” қайтарды – биржаларда қарқынды өсу байқалды
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп шетелдік тауарларға салынатын 10%-дық тарифті 90 күнге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған соң, әлемдік қор нарықтары серпіліс көрсетті. Бұл қадам инвесторларға сенім ұялатты: Уолл-стрит индекстері күрт өсті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Нақтырақ айтсақ, Dow индексі бірден 2300 тармаққа, ал технологиялық Nasdaq көрсеткіші 8,7%-ға көтерілді. Жалпы, АҚШ қор нарығы «жасыл аймаққа» оралып, 3,5 триллион долларлық өсім көрсетті.
3 сәуір күні Трамп 180-нен астам елге жаңа салық енгізетінін мәлімдеген еді. Тізімде Қытай да бар – 34%-дық тарифпен. Алайда келесі күні Қытай да жауапсыз қалмады: олар АҚШ өнімдеріне дәл сондай мөлшерде тариф енгізетінін жариялады. Бұл шара 10 сәуірден бастап күшіне енеді.
АҚШ-тың алғашқы мәлімдемесінен кейін Азиядағы қор нарықтары құлдырай бастаған еді. Алайда тарифтердің кейінге шегерілуі нарыққа оң әсерін тигізіп отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
V etom godu za nezakonnıy zabor vodı vıpisali ştrafı na 41 mln tenge
كازاحستانسكيە گيمناستى ۆوشلي ۆ توپ-6 نا ەتاپە Challenge Cup ۆ ۆارنە
Последние новости
Kazahstanskie gimnastı voşli v top-6 na etape Challenge Cup v Varne