Автор: ADMIN
Тоқаев төтенше жиын өткізді: Нарық дағдарысы мен бағаның құлдырауына қарсы әрекет жасалады
Әлемдік нарықтағы тұрақсыздық пен тарифтік қақтығыстар Қазақстан экономикасына әсер ете бастады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерімен шұғыл жиын өткізіп, қалыптасқан ахуалды саралады, деп хабарлайды Shalqar.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және басқа да жауапты тұлғалар қатысты. Кездесу барысында энергия ресурстары мен негізгі тауарлар бағасының құлдырауы, сыртқы нарықтағы белгісіздік және оның ел ішіндегі салдары талқыланды.
Президент Үкімет пен әкімдіктерге қысқа мерзім ішінде нақты іс-қимыл жоспарын аяқтауды тапсырды. Бұл жоспар қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өсімді сақтап, инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық мақсаттардың өзгермейтінін баса айтты: инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика салаларын дамыту жалғасады.
Келесі аптада бұл мәселелер бойынша кеңейтілген отырыс өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 şeşimniñ 8-i zañsız: Abay oblısında şeneunikter jazalandı
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı