Автор: ADMIN
Шерзат Болат ісі ашық өтеді: онлайн тыңдауды қайдан көруге болады?
Бүгін, 2025 жылғы 10 сәуір күні сағат 12:00-де Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Shalqar.kz сайты Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Жоғарғы соттың ресми мәлімдеуінше, қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл істің ашық өтуіне шешім қабылданған. Онлайн трансляция Қазақстан Жоғарғы сотының YouTube-арнасында қолжетімді.
Сілтеме: YouTube — Жоғарғы сот каналы
Іске қатысты қысқаша деректер:
– 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында жасөспірімдер арасындағы жанжал соңы өлімге әкелген.
– 16 жастағы Шерзат Болат ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде көз жұмды.
– Ізінше күдіктілер ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.
– Артынша марқұмның үйі өртеніп, оның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев та жұмбақ жағдайда қаза тапты.
– Оқиға отбасына қатысты бірқатар резонансты оқиғалармен жалғасты, қазір іс Бас прокурордың жеке бақылауында.
Қоғам әділеттілікті талап етіп отыр. Осыған байланысты сот процесін тікелей эфирден көру мүмкіндігі берілді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастары бас қосты
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
Последние новости
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding