Автор: ADMIN
Олимпиада-2028: Жаңа спорт түрлері мен әйелдерге тең мүмкіндіктер
2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындары спорт тарихында жаңа кезеңнің бастамасы болмақ. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) жарыс бағдарламасы мен жолдама санына қатысты түбегейлі өзгерістерді бекітті. Енді бұл Олимпиада медальдар саны бойынша ең ауқымды ойындардың бірі атанғалы тұр — 351 дисциплина бойынша жүлделер сарапқа салынады. Бұл Париждегі Олимпиадамен салыстырғанда 22 жүлдеге артық, деп хабарлайды Shalqar.kz ҰОК-тің ресми сайтынасілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар мен ХОК-тің бірлескен шешімімен Олимпиада бағдарламасына бес жаңа спорт түрі қосылды: бейсбол/софтбол, крикет, флаг-футбол, лакросс және сквош. Осы спорт түрлеріне 698 қосымша жолдама бөлінді.
Бағдарлама жасақтау барысында халықаралық спорт федерацияларының ұсыныстары мен гендерлік теңдік, шығындарды оңтайландыру, көрермен қызығушылығы және спортшылар мүддесі сынды негізгі қағидалар ескерілді.
Олимпиада тарихында алғаш рет командалық спорт түрлерінде әйелдер командаларының саны ерлермен теңеседі немесе тіпті артып түседі. Су добынан әйелдер арасындағы турнирге енді 12 команда қатысады, ал әйелдер футболына алғаш рет 16 құрама жолдама алады — бұл ерлер турнирінен 4 командаға көп.
Жеке спорт түрлерінде де гендерлік тепе-теңдікке ерекше мән берілді. Мәселен, бокста әйелдерге арналған жаңа бір салмақ дәрежесі енгізілді. Қазіргі таңда ерлер мен әйелдер бірдей жеті салмақта жүлде үшін таласады.
Олимпиада бағдарламасына алты жаңа аралас командалық жарыс қосылды: жеңіл атлетика (4×100 м эстафета), нысана көздеу, үстел теннисі, гольф, гимнастика және жағалауда есу.
Сондай-ақ, бірқатар спорт түрлерінде жаңа форматтар енгізілді:
• Жүзу: ерлер мен әйелдерге арналған 50 метрлік жаңа қашықтықтар;
• Жағалауда есу: жекелей және аралас екілік қайық жарыстары;
• Құзға өрмелеу: боулдеринг пен қиындық деңгейі бөлек медальдар үшін өткізіледі;
• 3×3 баскетбол: енді ерлер мен әйелдерге 12 командадан қатысады (бұған дейін 8 болған).
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2029 جىلعى قىسقى ازييا ويىندارى الماتىدا وتەدى
2029 jılğı qısqı Aziya oyındarı Almatıda ötedi
Инфляция в январе составила 12,2%: растут цены на топливо
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo