Автор: ADMIN
Рыбакина мен Путинцева Колумбияны шаң қаптырып, Қазақстанға мерзімінен бұрын жеңіс әкелді
Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Колумбияны ойсырата жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бәсекенің шешуші сәтінде әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина колумбиялық Юлиана Лизаразоға қарсы кортқа шығып, 2:0 (6:1, 6:2) есебімен жеңіске жетті. Бар-жоғы 52 минутқа созылған матчта Рыбакина өз басымдығын толық көрсетті.
Бұған дейін Юлия Путинцева қарсыласы Валентина Медиореал Арриасты 6:0, 6:1 есебімен небәрі 38 минутта жеңіп шыққан болатын. Путинцева матч барысында бір эйс жасап, бірде-бір қос қателікке бой алдырған жоқ.
Осылайша Қазақстан құрамасы екі сында қатарынан жеңіске жетіп, жұптық кездесуді күтпей-ақ жалпы есепте мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
Aleksey Lucenko zavoeval zoloto Aziatskih igr v YAponii
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu