Автор: ADMIN
Instagram желісінде қазақстандық әндер қайта қолжетімді болды
Қазақстандық қолданушылар Instagram-да отандық орындаушылардың әндерін қайтадан пайдалана алатын болды. Бұл ақпаратты Әділет министрлігі растады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ведомствоның мәліметінше, отандық әндердің қайта пайда болуы Meta компаниясының ішкі саясаты мен авторлық құқық иелерімен жасалған келісімдерге байланысты.
«Иә, бүгінде Instagram желісінде кейбір қазақстандық авторлар мен орындаушылардың музыкалық туындылары қайта қолжетімді. Бұл контент Meta платформасында мерзімді түрде жаңартылып отырады. Платформа авторлық құқықтарды басқару ұйымдарымен ғана емес, авторлармен немесе олардың өкілдерімен тікелей келісімшарттар жасай алады», – деді министрлік өкілдері.
Яғни, Instagram-да пайда болған әндер авторлардың Meta-мен тікелей жасасқан келісімдерінің нәтижесі деп түсіндіреді министрлік.
Айта кетейік, бұған дейін Instagram-нан қазақстандық орындаушылардың әндері жоғалып кеткен еді. Кейін Қазақстан авторлық қоғамы бұл жағдайды лицензиялау мәселелеріне және платформамен келісімдердің болмауына байланысты деп түсіндірген болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға сотталды
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı