Жаңалықтар

Автор: ADMIN

Жаңалықтар

Следуй за нами

89

Жер астындағы байлық: Қазақстан сирек металл қоры бойынша әлемде үшінші орынға шыға ма?

news single

Қазақстан тағы бір жаһандық жарыста алдыңғы қатарға шығуы мүмкін. Қарағанды маңынан табылған жаңа кен орны еліміздің сирек жер элементтері бойынша әлемде үшінші орын алатын елге айналуына жол ашуы ықтимал, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Бұл жаңалық Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Еуропалық Одақ – Орталық Азия саммиті қарсаңында жарияланды. Табиғи ресурстар мен геосаяси мүдделер тоғысқан кезеңде бұл жаңалықтың жариялануы кездейсоқ емес.

Жаңа кен орны “Жаңа Қазақстан” деп аталып отыр. Оның қойнауында смартфондардан бастап, дрондар мен спутниктерге дейін қажет болатын сирек кездесетін элементтер — церий, лантан, неодим, иттрий бар. Бұл металдар – цифрлы технологиялардың жүрегі.

Қазіргі бағалау бойынша, мұнда жалпы 935 400 тонна сирек жер элементтері бар. Кен қоры 300 метр тереңдікте, әр тоннада орта есеппен 700 грамм сирек металл бар деп болжануда.

Алайда мамандар салқынқандылықты сақтауға шақырып отыр. Георгий Фрейман бастаған тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы бұл мәліметтерді нақтылау үшін әлі де барлау, зерттеу және экономикалық тиімділікті бағалау қажет екенін айтады.

“Кен орны деп айту үшін тек шикізат қоры емес, оны өндірудің жолы, нарықтағы сұраныс, экологиялық және экономикалық модельдер ескерілуі тиіс,” – дейді Фрейман.

Айта кетейік, бұл аумақта барлау жұмыстары 2022 жылы басталып, алғашқы нәтижелері 2024 жылдың қазанында үкіметке ұсынылған.

Кен орны табылғаны туралы жаңалық Еуроодақ саммиті қарсаңында жарияланғаны тегін емес. Еуроодақ Қазақстанмен 2025–2026 жылдарға арналған жаңа Жол картасын бекітті. Құжат геологиялық барлау, зерттеу және инновация салаларындағы серіктестікті кеңейтуді көздейді.

ЕО елшісі Алешка Симкичтің айтуынша:
“Бұл мәлімдеме Қазақстанның стратегиялық шикізат жөніндегі рөлін жаһандық деңгейде нақтылап берді.”

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться