Автор: ADMIN
Трамп командасында алауыздық: Бір өкілі Украинадан жер сұраса, екіншісі қарсы шықты
АҚШ президенті Дональд Трамптың айналасында Украинадағы соғысқа қатысты қайшылық туындап отыр. Оның екі бірдей кеңесшісі бір-біріне қарама-қайшы мәлімдеме жасады: бірі Ресейге төрт облысты беруді ұсынса, екіншісі мұндай қадамға үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұрынғы президенттің серігі Стивен Уиткофф Ресейге барып, Владимир Путинмен кездесіп, Украинадағы Херсон, Запорожье, Луганск және Донецк облыстарын Ресейге беруді ресми мойындау арқылы соғысты тоқтатуға болады деген ұсыныс айтқан. Бұл қадам соғысты қысқа мерзімде аяқтаудың жалғыз жолы деп есептеген.
Алайда Трамптың тағы бір кеңесшісі, генерал Кит Келлог бұл ұсынысты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Украина Ресейге бірде-бір облысын беруге дайын емес әрі мұндай келісім халықаралық заңдарды бұзу болып саналады.
“Украина ешқашан тізе бүкпейді. Келіссөзге дайын, бірақ өз жерінен бас тарту — сөз болмауы керек”, – деді Келлог.
Келлог Трамптың ресми өкілі болмаса да, оған Украина мәселесі бойынша кеңес беріп отырғаны белгілі. Ал Трамптың бұл екі түрлі ұстанымға қатысты нақты пікір білдірмеуі алдағы сайлау қарсаңында оның сыртқы саясаттағы бағытына қатысты күмәнді күшейтіп отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
ياپونييا پلانيرۋەت زاكۋپاتь نەفتь يز كازاحستانا
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
Жапония Қазақстаннан мұнай алуды жоспарлап отыр
Последние новости
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana