Спорт

Автор: ADMIN

Спорт

Біз әлеуметтік желілерде:

Хорватиядан жеткен қуаныш: Нариман Құрбанов ел қоржынына медаль салды

news single

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде ел намысын абыроймен қорғап, қола медаль жеңіп алды,деп хабарлайды Shalqar.kz.

Құрбанов ат снарядындағы жаттығудың финалында жоғары нәтиже көрсетіп, 14.233 ұпаймен үздік үштікке енді. Бұл оның халықаралық аренадағы тағы бір сәтті қадамы болды. Айта кетейік, осы бағдарламада тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдырысов финалға дейін жетіп, сегізінші орынға ие болды.

Алтын медаль армениялық Гамлет Манукянға бұйырды (14.633 ұпай), күміс жүлдені қытайлық Тянлун Гао (14.400) еншіледі.

Айта кетсек, бұл – Қазақстан құрамасы үшін осы жарыстағы алғашқы табыс емес. Бұған дейін Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасында қола медаль иеленіп, енді 13 сәуірде кермедегі финалда өнер көрсетеді деп күтілуде.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

img
Отбасы 2026-04-15

قىز ۇزاتۋ

Последние новости

img
Отбасы 2026-04-15

Qız wzatu

img
Отбасы 2026-04-15

قىز ۇزاتۋ

img
Отбасы 2026-04-15

Қыз ұзату

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться