Автор: ADMIN
Астанада соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді: тағы кімдерге қаржылай көмек көрсетіледі?
Астанадағы алты Ұлы Отан соғысы ардагеріне Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден бір реттік әлеуметтік төлем берілді, деп хабарлайды Shalqar.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Миллиондап бөлінген бұл көмек тек соғыс ардагерлерімен шектелмейді. Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген бірқатар санаттағы азаматтарға да 45 айлық есептік көрсеткіш (176 940 теңге) көлемінде төлем қарастырылған. Атап айтқанда:
• ҰОС кезеңінде әскери қызмет өткергендер
• Фашистік Германияға қарсы күрескендер
• Ленинград қоршауында еңбек еткен азаматтар
• Концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары
• Соғыс салдарынан жараланып, мүгедектік алғандар
• Ядролық сынақтар мен радиациялық апаттардың кесірінен мүгедектікке шалдыққандар
• Радиациялық сәулеленудің салдары ата-анасынан берілген жандар
Сондай-ақ, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлерге де дәл осындай көлемде (45 АЕК) төлем беріледі. Бұл тізімге:
• Тәжік-ауған шекарасында болған әскери қызметкерлер
• Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқандар
• Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге атсалысқандар кіреді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı