Автор: ADMIN
2025 жылы әлем халқы ең жек көретін ел қайсы? Сарапшылар пікірі таңғалдырады
World Population Review жүргізген зерттеу нәтижесінде 2025 жылы әлем жұртшылығы ең жағымсыз қабылдайтын елдердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Shalqar.kz сайты Newsweek.com порталына сілтеме жасап.
Тізімнің көшін Қытай бастады. Сарапшылар бұл елге деген теріс көзқарастың басты себептеріне — “авторитарлық режим”, қоршаған ортаны ластауы, зиянды өндірістерді қолдануы, Гонконг, Тайвань мен Макаоға тәуелсіздік бермеуі, сондай-ақ ұйғырларға деген қарым-қатынасты жатқызады.
Екінші орында — АҚШ. Оның шектен тыс халықаралық белсенділігі мен әркез өз мүддесін көздейтіні сынға алынды. Сонымен қатар, америкалықтардың өзін ерекше ұлт деп санауы, атыс қаруы мен фаст-фудқа деген құмарлығы да әлемдік қауымдастықтың наразылығын тудырып отыр.
Үшінші орында — Ресей. Бұл елге деген теріс көзқарас Украинамен арадағы қақтығыс пен ел ішіндегі демократиялық еркіндіктің шектелуімен байланысты.
Жеккөрінішті елдер ондығына сондай-ақ: Солтүстік Корея, Израиль, Пәкістан, Иран, Ирак, Сирия және Үндістан енді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
وليمپيادا-2026: قازاقستاندىق موگۋلشى قىزدار جۇلدەسىز قالدى
پو پروەكتۋ كونستيتۋتسيي پوستۋپيلو بولەە 10 تىسياچ وبراщەنيي
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy