Автор: ADMIN
EXPO-2025: Жапония болашаққа жол ашты
Жапонияның Осака қаласында дүниежүзі назар тіккен EXPO-2025 көрмесі ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Биылғы тақырып – «Өмір, әлем және болашақ», яғни адамзат өркениетінің даму бағдары мен ортақ келешекке деген көзқарасты паш етуді мақсат етеді.
Ашылу салтанаты жаңбыр мен салқын ауа райына тап келсе де, Осакада EXPO-ны тамашалауға келгендер саны аз болмады. Ұзын-сонар кезектер – әлем халқының бұл көрмеге деген қызығушылығын байқатты.
Айта кетейік, дәл осы қалада EXPO бұған дейін 1970 жылы өткен еді. 55 жылдан соң Жапония жаһандық диалог алаңын қайта қолға алды.
Биылғы көрме Юмэсима жасанды аралында өтуде. Мұнда әлемдегі ең үлкен ағаш архитектуралық нысан бой көтерген. Жалпы көрме аумағы 2 шақырымды қамтиды.
Ұйымдастырушылардың болжамынша, қазан айына дейін көрмеге 28 миллионнан астам адам келеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Республика күні қарсаңында Алматыда төрт заманауи мектеп ашылды
В Алматы ко Дню Республики открыли сразу четыре школы
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу