Автор: ADMIN
Милад Карими Хорватияда алтын алды: Қазақстан гимнастикада тағы бір биікті бағындырды
Қазақстан спортшылары әлемдік ареналарда жарқырай бастады. Спорттық гимнастикадан ұлттық құраманың мүшесі Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында Карими қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ол төрешілерден 14.666 ұпай алып, жарыстың бұл кезеңінде екінші рет жүлдегер атанды. Бұған дейін Милад еркін жаттығуда қола медаль еншілеген еді.
Финалда күміс жүлде Израильден Александр Мякининге (14.433), ал қола медаль Қытайлық Чени Се-ге (14.300) бұйырды.
Жалпы Осиектегі сайыста Қазақстан құрамасы үш медаль еншіледі. Каримиден бөлек, Нариман Құрбанов ат снарядында өткен жаттығуда қола жүлдегер атанды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
2027 جىلدان باستاپ جۇمىسسىزدىق بويىنشا الەۋمەتتىك تولەمنىڭ مولشەرى ارتادى.
Токаев резко раскритиковал социальную сеть TikTok.
Unemployment Benefits to Increase in Kazakhstan Starting in 2027.
Последние новости
Toqaev TikTok äleumettik jelisin qatañ sınğa aldı.
توقاەۆ TikTok الەۋمەتتىك جەلىسىن قاتاڭ سىنعا الدى.
Tokayev Criticizes TikTok Over Its Impact on Young People.