Автор: ADMIN
Пойыз кешіксе — ақшаңызды қайтарып аласыз: Жаңа ережелермен танысыңыз
2025 жылдың 22 сәуірінен бастап пойызбен жүру тәртібі едәуір өзгереді. Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билет үшін төленген сома толық қайтарылады. Бұл — Көлік министрлігі бекіткен жаңа қағидалардың тек бір бөлігі ғана, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Негізгі өзгерістер мынадай:
• Билет сату мерзімі қысқарды:
Бұрын жолаушылар пойызына билет алу 1 тәулік бұрын тоқтатылса, енді жөнелтілуге 10 минут қалса да сатып алуға болады.
Қала маңы пойыздарына да сол тәртіп: 10 күн бұрыннан бастап, 10 минут қалса да алуға болады.
• Мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер мен арнайы ережелер:
Арнайы купелерге билеттер тек билет кассаларында ресімделеді. Алып жүруші адамға билет тек мүгедек адаммен бірге және бір вагонға ғана беріледі.
Егер мүгедек сапардан бас тартса, алып жүруші де жолға шыға алмайды.
• Балалармен сапарға шығу тәртібі де нақтыланды:
7 жасқа дейінгі бір бала – орынсыз жағдайда тегін жүреді, ал орын қажет болса, жеңілдікпен билет қажет.
15 жасқа дейінгі балалар тек ересекпен жүреді, ал егер заңды өкілі болмаса, сенімхат керек.
15 жастан асқан бала жеке жүре алады, бірақ нотариалды расталған рұқсат болуы шарт.
• Билет қайтару және өтемақы:
Егер пойыз 1 сағаттан артық кешіксе немесе сапар тоқтатылса – билет құны мен барлық алымдар толық қайтарылады. Комиссия алынбайды.
Сондай-ақ, кешігу үшін жолаушыға билет құнының 3%-ы әр сағат үшін өтемақы ретінде төленеді (бірақ билет сомасынан аспайды).
Жаңа тәртіп — жолаушы құқығын нақтылай түсті. Бұрын жол жүру құжаттарын уақытша куәлікпен сатып алуға болатын болса, енді тек ресми құжаттармен ғана жүзеге асырылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
Мы не допустим резкого роста цен на бензин – министр энергетики
Последние новости
Benzin bağasınıñ kürt ösuine jol bermeymiz – Energetika ministri
بەنزين باعاسىنىڭ كۇرت وسۋىنە جول بەرمەيمىز – ەنەرگەتيكا مينيسترى
Mı ne dopustim rezkogo rosta cen na benzin – ministr energetiki