Автор: ADMIN
Жапониядан үш қола: Қазақстандық пара жүзушілер жеңіс тұғырында
Жапонияның Фудзи қаласында өткен пара жүзуден халықаралық жарыста қазақстандық спортшылар ел қоржынына үш бірдей қола медаль салды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жүлдегерлер:
• Нұрдәулет Жұмағали – 100 метр брасс
• Ержан Сәлімгереев – 50 метр баттерфляй
• Зульфия Ғабидуллина – 150 метр кешенді жүзу
Жарысқа 24 елден 250-ге жуық спортшы қатысқан. Бұл – әлемдік серия аясында өткен рейтингтік дода. Ұлттық құраманың бас бапкері Айдар Картпаевтың айтуынша, жарыс жас спортшыларға үлкен тәжірибе болды.
– Үш спортшымыз жүлде алды. Тағы бірнеше жас қатысушы өз нәтижесін жақсартты. Бұл – болашақ халықаралық жарыстарда табысқа жетуге берік негіз, – деді бапкер.
Айта кетейік, турнир 7–12 сәуір аралығында өткен.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Unemployment Benefits to Increase in Kazakhstan Starting in 2027.
Toqaev TikTok äleumettik jelisin qatañ sınğa aldı.
2027 jıldan bastap jwmıssızdıq boyınşa äleumettik tölemniñ mölşeri artadı.
Последние новости
Toqaev TikTok äleumettik jelisin qatañ sınğa aldı.
توقاەۆ TikTok الەۋمەتتىك جەلىسىن قاتاڭ سىنعا الدى.
Tokayev Criticizes TikTok Over Its Impact on Young People.