Автор: ADMIN
Қазақстанда 125 теміржол вокзалы жаңғыртылады: заманауи талаптарға сай өзгерістер күтілуде
2025 жылдың соңына дейін еліміздегі 125 теміржол вокзалы жаңартылып, заманауи талаптарға сай қайта жабдықталады. Көптеген вокзалдар өткен ғасырда салынған, енді олар жолаушыларға ыңғайлы болу үшін күрделі жөндеуден өтпек, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Жаңғыртылатын нысандардың қатарында – елордалық “Астана-1” вокзалы бар. Былтыр бұл вокзал 2 миллионнан астам жолаушыны қабылдаған. Алайда ғимараттың кейбір бөліктері тозып, жаңартуды қажет етеді. Жобада ғимараттың сырты қаланың сәулеттік келбетіне сай өзгертіліп, ішкі инженерлік жүйелер мен күту залдары жаңартылады. Wi-Fi интернет, өрт қауіпсіздігі мен лаңкестікке қарсы жүйелер орнатылады.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарындағы 15 вокзалда да құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, 87 жылдық тарихы бар “Өскемен-1” вокзалы толықтай жөндеуден өтеді. Мұнда қосымша перронға апаратын жабық өткел салынып, жаңа сақтау камералары, демалыс орындары мен заманауи қоғамдық тамақтану аймақтары ашылады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инфрақұрылым жетілдіріліп, ана мен бала бөлмелерімен жабдықтау жоспарланған. “Қазақстан Темір Жолы” компаниясы бұл жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін толық аяқтауды көздеп отыр.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı
Даже безработный обязан платить алименты
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı