Ғылым

Автор: ADMIN

Ғылым

Следуй за нами

42

Британ ғалымдары табиғи тіс өсіру әдісін тапты

news single

Ұлыбританиялық ғалымдар медицина мен стоматология саласына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық ашты. Лондондағы Корольдік колледждің зерттеушілері пациенттің өз жасушасынан табиғи тіс өсіруге мүмкіндік беретін технологияны сәтті сынақтан өткізді, деп хабарлайды Shalqar.kz.

Бұған дейін тіс өсіру бойынша Жапония мен АҚШ ғалымдары түрлі әдістерді сынап көрген еді. Алайда британ зерттеушілері алғаш рет адамның өз ағзасына 100% үйлесетін, жасанды материалдар мен металл импланттарды қажет етпейтін тіс өсіру ортасын жасап шықты.

Жаңа тәсілдің негізі – арнайы гидрогель. Бұл ортада жасушалар бір-бірімен «қарым-қатынас» жасап, ұрық секілді дами отырып, тіс құрылымын қалыптастырады. Қалыптасқан кішкентай тіс ұрығы адамның ауыз қуысына салынып, табиғи түрде әрі қарай өседі. Немесе тіс зертханада толықтай өсіріліп, кейін жақ сүйекке орналастырылады.

Бұл әдіс қазіргі қолданыстағы пломбалар мен тозатын импланттардың орнын басуы мүмкін. Себебі адамның өзінен алынған жасушадан өсірілген тіс ұзаққа шыдайды, ыңғайлы әрі биологиялық тұрғыда қауіпсіз.

Ғалымдар бұл технологияны алдағы жылдары клиникалық тәжірибеге енгізуді жоспарлап отыр. Болашақта стоматологияда тіс жұлу емес, тіс өсіру қалыпты процедураға айналуы әбден мүмкін.

Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Все новости


Международное интернет-издание "Shalqar kz"
Подписка на важную информацию международного интернет-издания "Shalqar kz" Будьте в курсе последних новостей Ваша электронная почта подписаться