Автор: ADMIN
Еуропа отқа оранып барады ма? Климат жылынуы кәрі құрлықты алаңдатып отыр

Климаттық өзгерістер Еуропада бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Copernicus қызметінің 100 ғалымы дайындаған соңғы баяндамада 2024 жылы Еуропаның барлық аймағында ауа температурасы шекті деңгейден жоғары болғаны анықталған. Тек Исландия ғана салқындығын сақтап қалыпты, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ғалымдар соңғы 40 жылда Еуропадағы ауа райы ғаламдық орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жылынғанын айтады. Өнеркәсіп дәуірі басталғалы бері Жер шары орта есеппен 1,3 градусқа ысыса, Еуропада бұл көрсеткіш — 2,4 градусқа жеткен.
2023 жылы климаттық апаттардың салдары ауыр болды: дауыл мен су тасқыны 413 мың адамның өміріне әсер етіп, 335 тұрғын көз жұмды. Қыста да құрғақшылық жайлаған Еуропа, әсіресе оңтүстікте, су тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келіп отыр.
Дегенмен, Еуропа экологиялық әрекеттерден де шет қалған жоқ. 2024 жылы бұл өңірде энергияның 45 пайызы — күн, жел және биомасса сияқты жасыл көздерден өндірілген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

سەمەيدە 1944 جىلدان بەرگى ەڭ جىلى كۇن تىركەلدى
Последние новости

Europa vizasına qoljetimdilik artadı

ەۋروپا ۆيزاسىنا قولجەتىمدىلىك ارتادى