Автор: ADMIN
Еуропа визасына қолжетімділік артады
Қазақстан мен Еуропа арасындағы визалық қатынас жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін. Франция билігі біздің азаматтар үшін виза рәсімдерін жеңілдетуге қолдау білдірді. Бұл жағымды жаңалықты Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің Парижге жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Францияның ішкі істер министрі Брюно Ретайомен кездесуде екі ел арасындағы қылмыспен күрес, көші-қон және қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе, реадмиссия және көші-қон салаларындағы ақпарат алмасу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.
Ең бастысы – француз тарапы Еуроодақ елдері үшін қазақстандықтарға виза беру тәртібін жеңілдетуге мүдделі екенін нақты білдірді. Бұл қадам екі ел арасындағы серіктестікті нығайтып қана қоймай, қазақстандықтардың Еуропаға сапарын жеңілдетуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Еуропалық Одақ тарапынан қазақстандықтарға виза жеңілдіктері ұсынылуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding
Последние новости
Эпоха ИИ: Какое будущее мы готовим для наших детей?
На Astana AI Film Festival поступило более 300 заявок из 50 стран за 17 дней