Автор: ADMIN
Семейде 1944 жылдан бергі ең жылы күн тіркелді
2025 жылдың наурызы Қазақстанда соңғы онжылдықтағы ең жылы айлардың бірі болды. «Қазгидромет» мәліметінше, ел бойынша орташа температура климаттық нормадан 1–5 градусқа жоғары болған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
16–22 наурыз аралығында бірқатар өңірде соңғы жылдарда тіркелген рекордтық көрсеткіштер жаңартылды. Мысалы, Петропавлда +12,6°C, Қостанайда +14°C, Павлодарда +14,4°C, Астанада +9,1°C температура тіркеліп, бұрынғы максимумдардан асып түсті.
Алматыда да күн ерекше жылы болды: 21 наурызда термометр +24,8°C көрсетіп, 2018 жылғы рекордты жаңартты. Семейде 1944 жылдан бері алғаш рет ауа температурасы +14,6°C-қа жетіп, 81 жыл бұрынғы тарихи рекорд бұзылды.
Бұған қоса, наурызда ауа райының күрт құбылуы байқалды – тұман, боран мен дауыл секілді экстремал жағдайлар жиілеген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى