Автор: ADMIN
“Serpin Way” керуені 12 мыңнан астам оқушыға бағыт көрсетті
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бастамасымен ұйымдастырылған “Serpin Way” кәсіптік бағдар беру туры аяқталды. Университеттен шыққан топ 17 күн бойы оңтүстік өңірлерді аралап, 6500 шақырымнан астам жол жүріп, Петропавлға оралды, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 20-дан астам елді мекенде 40-тан аса кездесу өтті. Керуен мүшелері – студенттер, оқытушылар және қызметкерлер – мектеп оқушыларымен, ата-аналармен және жергілікті әкімдік өкілдерімен жүздесті.
Сапар барысында 12 мыңнан астам мектеп оқушысы қамтылып, Қозыбаев университетінде оқуға түсу жолдары, білім беру бағдарламалары мен гранттар жайлы кең ақпарат берілді. Әсіресе шалғай ауылдарда керуенді жылы қарсы алған жұртшылықтың ықыласы ерекше болды.
Айта кетейік, “Серпін” бағдарламасы соңғы он жылда мыңдаған жастың болашағына жол ашып, еліміздің түрлі өңіріндегі маман тапшылығын азайтуға үлес қосып келеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Даже безработный обязан платить алименты
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı