Автор: ADMIN
Сәкен Бибосынов Ресейде алтыннан алқа тақты

Хабаровскіде өткен Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (54 келі) топ жарды. Финалда ол ресейлік қарсыласы Денис Палшинді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, турнир чемпионы атанды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Сәкен — тәжірибелі спортшы. Ол 2021 жылы әлем чемпионы атанса, 2019 жылғы әлемдік біріншілікте қола жүлде иеленген. Токио Олимпиадасында үздік үштікке енген боксшымыз біраз уақыт жарақатына байланысты шаршы алаңнан тыс қалған болатын. Алайда бұл жолы ол мықты оралғанын дәлелдеді.
Алда жарысты жалғастыратын боксшыларымыз:
• Сағындық Тоғамбай (92 келі)
• Сергей Слободян
• Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) — ресейлік Орудж Мамедовпен кездеседі.
Сондай-ақ турнирде еліміздің әйелдер құрамасының да жетістігі бар.
Күміс медаль иегерлері:
• Айдана Забынбекова (57 келі)
• Ұлдана Таубай (66 келі)
• Римма Волосенко (60 келі)
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

В Кызылорде открылась первая школа нового формата
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет