Автор: ADMIN
Маутинбайктен алғашқы жетістік: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында күміс медаль еншіледі
Қытайдың Гуйчжоу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан маутинбайк құрамасы жарыстың алғашқы күнінде-ақ жүлдегер атанды. Олимпиадалық емес бағдарлама бойынша өткен эстафетада ұлттық құрама күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Командалық есепте ел намысын Богдан Лұқманов, Виолетта Казакова, Алексей Фефелов, Юля Ли, Алина Карасёва және Денис Сергиенко қорғады. Бұл – маутинбайк бойынша ұлттық құраманың үлкен додадағы алғашқы табысты қадамы.
Чемпионат 23-27 сәуір аралығында өтеді және алдағы күндері отандастарымыз кросс-кантри тәрізді олимпиадалық сайыстарда да бақ сынайды.
Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне сондай-ақ Егор Карасёв, Ілияс Рахимов, Никита Галкин, Алдер Ергешов, Татьяна Генелева, София Мамева, Татьяна Чакилёва және Константин Казаков енгізілген.
Айта кетейік, бұған дейін велотректен Қазақстан атынан сынға түскен Кирилл Курдиди Малайзиядағы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алған болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo
Инфляция в январе составила 12,2%: растут цены на топливо
Zimnie Aziatskie igrı 2029 goda proydut v Almatı
Последние новости
Qañtardağı inflyaciya 12,2%: Janarmay bağası ösip jatır
قاڭتارداعى ينفلياتسييا 12,2%: جانارماي باعاسى وسىپ جاتىر
Inflyaciya v yanvare sostavila 12,2%: rastut cenı na toplivo