Автор: ADMIN
Бренд көшірмесіне – тосқауыл! Қазақстанда жалған тауар жарнамасына шектеу қойылады
Бренд атауын заңсыз пайдаланып, көшірме өнімдерді ашық жарнамалайтындар енді жауапқа тартылуы мүмкін. Мәжілісте өткен жалпы отырыста Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев аталған заңбұзушылықтарға қатаң шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
— Былтыр елімізде бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану бойынша 300-ге жуық дерек тіркелді. Бұл — зияткерлік меншік құқығын өрескел бұзу, — деді министр.
Instagram сынды әлеуметтік желілерде әйгілі брендтердің атын пайдаланып, “арзан әрі тиімді” деп көшірме тауарларды жарнамалау кең етек жайған. Депутат Қарақат Әбденнің айтуынша, мұндай әрекет заңсыз ғана емес, тұтынушыны алдауға бағытталған.
Бұдан былай мұндай жарнама мен сауда авторлық құқық иесінің шағымынсыз-ақ шектелетін болады. Қазіргі кезде мемлекет бұл бағытта маркетплейстермен бірлесіп, нақты шаралар қабылдауда.
Айта кетейік, былтыр Zara мен OYSHO брендтерінің иесі өнімдерін заңсыз пайдаланған қазақстандық кәсіпкерді сотқа берген еді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
يسپانييادا پويىزداردىڭ سوقتىعىسۋىنان 46 ادام قازا تاپتى
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
Жасанды интеллект мемлекеттік бюджетті болжауға қалай көмектеседі
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى