Автор: ADMIN
Ассамблеяның кеңейтілген кеңесі: Еліміздегі бірлік пен келісімнің 30 жылдық формуласы қайта сараланды
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын ҚХА-ның XXXIV сессиясы қарсаңында ұйымдастырылып, елдегі этносаралық татулық пен қоғамдық тұрақтылық мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Shalqar.kz тілшісі Сыртқы Істер министрлігіне сілтеме жасап.
Кеңейтілген отырысқа Президенттің көмекшісі Арман Қырықбаев, Парламент депутаттары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, ҚХА Кеңесінің мүшелері мен республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Ассамблеяның 30 жылдағы жетістіктері сараланып, «Әралуандықтағы бірлік» қағидатының қоғамдағы маңызы ерекше атап өтілді.
Кеңесте этномәдени бірлестіктерді дамыту, ҚХА Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің жұмысы, қайырымдылық, этномедиация, ғылыми сараптама және жастармен жұмыс бағыттарын жандандыру мәселелері күн тәртібіне қойылды.
Жиын – бірлік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы жаңа бастамаларға серпін беретін маңызды диалог алаңына айналды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Naznaçena data vskrıtiya probı B po doping-delu Janibeka Alimhanulı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı