Автор: ADMIN
Президент сөзі: ҚХА сессиясындағы басты 10 тезис

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің бірлігі мен тұрақтылығына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстар жасады. Назарларыңызға президент сөзіне негіз болған басты 10 тұжырымды ұсынамыз:
1. Жаңа Достық үйлері қажет. Алматы облысында бір Достық үйін ашу ұсынылды. Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов сияқты этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандарда Ассамблея бөлімшелерін құру қажет.
2. Этностар театр өнерінде де көрініс табуы тиіс. Қазақстанда 9 орыс театры және ұйғыр, өзбек, неміс, корей театрлары бар. Этностық театрлар фестивалін өткізу ұсынылды.
3. «Біз — әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз». Президент бұл қағидатты Қазақстан қоғамының басты ұстанымы ретінде атады.
4. Популизмге жол жоқ. Ел асығыс әрі ойланбаған шешімдерден аулақ болуға тиіс.
5. Қазақ тілінің мәртебесі өсіп келеді. Түлектердің 80 пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады. Ал мектеп жасындағы балалардың 70 пайызы қазақ тілінде білім алады.
6. Көк паспорт — ұлттық бірегейлік символы. Бұл — ел азаматтарының ортақ мақтанышы.
7. Қазақстан — барша қазақтың тарихи Отаны. Елге оралған қандастар — ұлттық құрамымыздың маңызды бөлігі.
8. Ұлттық мерекелер — рухани тірек. «Наурыз», «Масленица», «Сабантой» сынды мерекелер — елдің рухы мен тарихын танытатын маңызды оқиғалар.
9. Бейбітшілік пен келісім басты құндылық. Ассамблея бұл бағытта жұмысын жалғастыра береді.
10. Бірлік — ел болашағының іргетасы. Ұлтаралық татулық — тұрақтылық пен даму кепілі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Президент сөзі: ҚХА сессиясындағы басты 10 тезис
Последние новости

Prezident sözi: QHA sessiyasındağı bastı 10 tezis

پرەزيدەنت سوزى: قحا سەسسيياسىنداعى باستى 10 تەزيس

Основные тезисы выступления Касым-Жомарта Токаева на XXXIV сессии АНК