Автор: ADMIN
Қырғызстанда скутер мінгің келсе – куәлік ал!
Қырғызстанда электр скутер мен мопед тізгіндейтіндерге жаңа талап қойылуы мүмкін. Ел парламентінің депутаты Дастан Бекешев бұл көліктерді жүргізу үшін арнайы жүргізуші куәлігін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Депутаттың айтуынша, тұрғындардан сағатына 50 шақырымнан жоғары жылдамдықпен жүретін құрылғыларға бақылауды күшейту туралы өтініштер жиі түсіп жатыр. Себебі бүгінде тротуар мен жолда зымырап жүрген скутерлер мен мопедтер – кәдімгі көлік құралдарына айналған.
— Қазір кез келген адам скутер сатып алып, жолға шығып кете береді. Жасөспірімдер мен тіпті жүргізуге рұқсаты жоқ адамдар да мініп жүр. Бұл – тәртіпсіздік. Егер қазірден бастап қадағаламасақ, ертең кеш болады, — деді депутат Жогорку Кенеш отырысында.
Ол президент пен үкіметке үндеу жолдап, «Унаа» мемлекеттік мекемесіне жаңа жүйе – жеке көліктерге жүргізуші куәлігі беруді заңдастыруды тапсырса деген ұсыныс айтты.
Айта кетейік, Қырғызстанда жуырда алимент пен қарызды нотариус арқылы өндіріп алу жүйесі де енгізілген болатын.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
وليمپيادا-2026: قازاقستاندىق موگۋلشى قىزدار جۇلدەسىز قالدى
Olimpiada-2026: Qazaqstandıq mogulşı qızdar jüldesiz qaldı
Последние новости
Konstituciya jobası boyınşa 10 mıñnan astam ötiniş tüsti
كونستيتۋتسييا جوباسى بويىنشا 10 مىڭنان استام وتىنىش تۇستى
Po proektu Konstitucii postupilo bolee 10 tısyaç obraşeniy