Автор: ADMIN
Ұлы далада – Ұлы жорық: 500 шақырымдық марафонға дайындық қызу
15 күннен кейін Қазақстанның кең даласында ірі халықаралық оқиға басталады. 10 мамырда Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» атты ерекше марафон жарысы бастау алады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бес күнге созылатын бұл экстремалды сайыс 500 шақырымды қамтиды. Оған әлемнің 15-ке жуық елінен спортшылар қатысады деп күтілуде.
Марафон бағыты:
• Старт: Бақанас көпірі (Алматы – Өскемен тас жолы);
• Балқаш ауданы: Миялы, Бақбақты, Ақдала, Үшжарма, Желтораңғы және т.б. ауылдар;
• Жамбыл ауданы: Қаншеңгел, Ащысу, Бозой;
• Іле ауданы: Ақши;
• Финиш: Қонаев қаласы, «Қарлығаш» шағынауданы.
Жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.
– Бұл тек спорттық дода емес. Бұл – Қазақстан табиғаты мен мәдениетін әлемге танытатын үлкен шара.
– Марафон елдің туризм саласына тың серпін береді, ал шетелдік қатысушылар үшін – нағыз экспедициялық оқиға.
– Ұлы дала төсіндегі бұл жорық – рух пен төзімділік символына айналады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
558 سپورتسمەنوۆ, 35 ۆيدوۆ سپورتا: كازاحستان وتپراۆيلسيا نا ازيادۋ
Aleksey Lucenko zavoeval zoloto Aziatskih igr v YAponii
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu