Автор: ADMIN
Apple Қытайдан бас тартып, Үндістанды жаңа өндірістік орталыққа айналдырады

Әлемдік технология алыбы Apple өз стратегиясын түбегейлі өзгертпек: компания алдағы жылы АҚШ нарығына арналған iPhone құрылғыларын Қытай емес, Үндістанда құрастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Shalqar.kz NDTV басылымына сілтеме жасап.
Apple-дің мұндай қадамға баруы бірнеше факторға байланысты. Біріншіден, АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіскен сауда қатынастары әсер етсе, екіншіден, Үндістанның өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуы шешуші рөл атқаруда.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Apple-ге Қытайдан тәуелділікті азайту үшін қысым жасаған болатын. Тіпті, Қытаймен тарифтік келіссөздердің жалғасып жатқанын ресми түрде мәлімдеген еді. Осы уақытта Apple-дің үнді серіктестері өндіріс көлемін арттыруға кірісті.
Жақында Карнатака штатындағы Бангалор қаласында Foxconn компаниясының жаңа зауыты іске қосылады. Жаңа өндіріс орны жылына 20 миллионға дейін iPhone шығаруға қауқарлы. Сонымен қатар, Тамилнад штатындағы зауыт Apple өнімдерінің халықаралық жеткізілімінің шамамен 50%-ын қамтамасыз етеді.
Соңғы бір жылда Үндістанда өндірілген iPhone құрылғыларының жалпы құны 22 миллиард долларға жетті. Бүгінде Үндістан Apple-дің жаһандық өндірісінің шамамен 20%-ын құрап отыр және бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.
Сарапшылар биыл Үндістандағы Apple өндірісінің өсімі 10–15% деңгейінде сақталады деп болжайды.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп енгізген тарифтер салдарынан Apple iPhone бағасын қымбаттатуы мүмкін екені хабарланған.
Сонымен бірге, жақында Еуроодақ Apple мен Meta компанияларына айыппұл салғанын еске саламыз.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Qızılordada jaña formattağı zamanaui mektep esigin aştı

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет