Автор: ADMIN
Әдебиет әлемінің шамшырағы сөнді: Әкім Тарази өмірден өтті
Қазақ әдебиеті орны толмас қазаға душар болды. Ұлтымыздың ардақты перзенті, көрнекті жазушы, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әкім Үртайұлы Тарази мәңгілік сапарға аттанды. Қаралы хабарды Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы растады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
«Бүгін қазақ әдебиеті мен өнері ауыр қайғыға ұшырады. Әдебиетіміздің абызы, сөз өнерінің шебері, профессор Әкім Үртайұлы Таразидің өмірден өткенін зор күйзеліспен хабарлаймыз.
Әкім Тарази — қазақ прозасының, драматургиясы мен кинематографиясының кемеңгері. Оның шығармалары ұлттық рух пен терең философиялық толғамның көрінісі ретінде бірнеше буынның жүрегіне жол тапты. Қазақтың рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан жазушының есімі тарихта мәңгі қалары сөзсіз», – делінген университет ұжымының мәлімдемесінде.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
Қостанай мен Ташкент арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Последние новости
Qostanay men Taşkent arasında tikeley äue reysi aşıladı
قوستاناي مەن تاشكەنت اراسىندا تىكەلەي اۋە رەيسى اشىلادى