Автор: ADMIN
Иран портындағы алапат жарылыс: 750 адам жараланып, 8 адам қаза тапты
Иранның оңтүстігіндегі Шахид-Раджаи портында болған жойқын жарылыс салдарынан 750 адам жараланып, 8 адам көз жұмды. Қазір оқиға орнында құтқару және өрт сөндіру жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Иран Ішкі істер министрі Эскандар Момени мәлім еткендей, ең басты мақсат – зардап шеккендерді аман алып қалу және өртті толықтай өшіру. Бұл туралы ол IRIB телеарнасына берген сұхбатында айтты.
“750 адам түрлі деңгейде жарақат алды, 8 адам өкінішке қарай қайтыс болды. Қазір құтқарушылар мен құқық қорғау органдары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдағы бірнеше сағатта жағдайды толық бақылауға аламыз деп үміттенеміз,” – деді министр.
Жарылыс сенбі күні таңертең Парсы шығанағының жағалауында, Бендер-Аббас қаласы маңында орын алған. Жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиға орнына Ішкі істер министрі Эскандар Момени өзі барып, жағдайды жеке бақылауына алды.
Айта кетейік, бұған дейін Иран портындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 500-ден асқаны хабарланған болатын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
رەسپۋبليكا كۇنى قارساڭىندا الماتىدا تورت زاماناۋي مەكتەپ اشىلدى
Respublika küni qarsañında Almatıda tört zamanaui mektep aşıldı
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу
Последние новости
5 balanıñ anası 15 jıldan keyin Qazaqstan çempionı atandı
5 بالانىڭ اناسى 15 جىلدان كەيىن قازاقستان چەمپيونى اتاندى
Многодетная мать завоевала золото чемпионата Казахстана по боксу