Автор: ADMIN
Қазақстандық десантшылар Мәскеуде Жеңіс парадына қатысады
Қазақстандық десантшылар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Мәскеудегі 9 мамыр парадына қатысу үшін Ресей астанасына аттанды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, еліміздің атынан салтанатты шеруге Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың есімін иеленген 37-десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері қатысады.
Чкаловский әскери әуежайында қазақстандық жауынгерлерді Ресейдегі Қазақстан Қорғаныс министрлігінің атташесі, генерал-лейтенант Талғат Қойбақов қарсы алып, маңызды тарихи шарада жоғары деңгейде өнер көрсетуге сәттілік тіледі.
Парадтық лектің басында екінші дәрежелі “Айбын” орденінің және “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалінің иегері, полковник Алмас Төлегенов жүрмек. Жалпы құрамда 80 әскери қызметші бар: олардың қатарында 11 офицер, 24 келісімшарт негізіндегі сарбаз және 45 мерзімді әскери қызметшілер бар.
Министрліктің дерегінше, 37-бригада ҰҚШҰ-ның Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамында және әрдайым жоғары дайындықта ұсталады. Бейбіт уақытта олар қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік шекараны қорғау және төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету сияқты маңызды міндеттерді орындайды.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Олимпийский призёр Дәулет Шабанбай приговорён к трём годам лишения свободы
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı