Автор: ADMIN
Қазақстанға қай елдер көбірек қаржы құйып жатыр? Жаңа деректер жарияланды

Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын арттыра түсуде. 2024 жылы елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 17,2 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Shalqar.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сүйенсек, инвестиция ағымы дәстүрлі бағыттармен шектелмей, өңдеу өнеркәсібі мен IT секторы секілді салаларда да серпін байқалып отыр.
Инвестиция көлемі негізгі салалар бойынша былайша бөлінген:
• Тау-кен өндіру өнеркәсібі – 6,5 млрд доллар
• Көтерме және бөлшек сауда – 5,3 млрд доллар
• Өңдеу өнеркәсібі – 2,8 млрд доллар
• Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер – 916,5 млн доллар
• Ақпарат және байланыс – 571,9 млн доллар
• Қаржы және сақтандыру қызметі – 485,9 млн доллар
• Электрмен жабдықтау және газбен қамту – 370,8 млн доллар
• Құрылыс – 289,6 млн доллар
• Көлік және қоймалау – 170,1 млн доллар
• Әкімшілік қызметтер мен басқа да салалар – 98,8 млн доллар
Қазақстанға ең көп қаржы құйған елдер тізімінде Ресей көш бастап тұр – 4,1 млрд доллар. Одан кейін Нидерланд (3,8 млрд доллар), ал Оңтүстік Корея, Бельгия және Қытай әрқайсысы 1,2 млрд доллардан инвестиция салған. Сондай-ақ, Франция, Кипр, Ұлыбритания, Сингапур және Түркия елдері де белсенділік танытып, әрқайсысы 597 миллионнан 843 миллион долларға дейін қаржы бағыттаған.
Министрліктің мәліметінше, шетелдік капитал енді тек шикізат саласына емес, жоғары технологиялар мен өңдеу өнеркәсібіне де бет бұра бастаған. Бұл үрдіс Қазақстан экономикасының әртараптанып келе жатқанын көрсетеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Eñbek ardagerine arnalğan oblıstıq futbol turniri ötti
Последние новости

Eñbek ardagerine arnalğan oblıstıq futbol turniri ötti

ەڭبەك ارداگەرىنە ارنالعان وبلىستىق فۋتبول تۋرنيرى وتتى

Еңбек ардагеріне арналған облыстық футбол турнирі өтті