Автор: ADMIN
28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні: Қазақстанда өндірістік жарақаттану азайды

Бүгін, 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Бұл күн жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне жаһандық назар аударуға арналған, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,3%-ға, ал қаза тапқан жұмысшылар саны 2,9%-ға азайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл оң өзгерістер жоспарлы түрде қабылданған шаралардың нәтижесі.
Биылғы еңбекті қорғау күнінің тақырыбы — “Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық көзқарастар: жасанды интеллект пен цифрландырудың рөлі”. Әлемнің түкпір-түкпірінде осы бағытта түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.
Алайда халықаралық еңбек ұйымының деректеріне қарағанда, проблема әлі де өзекті: әлемде жыл сайын 270 миллион жазатайым оқиға тіркеліп, 2 миллионнан астам адам кәсіптік аурулар салдарынан көз жұмады.
Қазақстандағы ахуал:
• Жыл сайын 1400-ден астам өндірістік жазатайым оқиға болады;
• Оның 200-ге жуығы адам өлімімен аяқталады;
• Ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешені (15,3%) мен құрылыс саласында (12%).
Бүгінде елімізде 470 мыңнан астам адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді. 2024 жылы осындай еңбек үшін жұмыс берушілер 297,4 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеген.
Еңбекмині қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту үшін:
• 7,7 мыңнан астам өндірістік нысанды аттестаттаудан өткізді;
• 1042 жазатайым оқиға туралы іс қозғап, 215 қылмыстық іс ашты;
• 3262 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі стандарттарын енгізді.
Сонымен қатар, 2019 жылдан бері Vision Zero (“Нөлдік жарақат”) тұжырымдамасы енгізілуде. Бүгінде 605 кәсіпорын оған қосылған. Ал 2024 жылдан бастап зиянды жағдайда жұмыс істегендер үшін арнайы әлеуметтік төлемдер беріле бастады.
Қазақстанда қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған 2030 жылға дейінгі жаңа Тұжырымдама іске асырылуда. Оның аясында цифрлық еңбек карталары енгізіліп, өндірістегі тәуекелдерді нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі жасалды.
Ал 2025 жылы 28-30 мамыр аралығында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналған халықаралық конференция мен көрме өтеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى

ۇلتتىق ەلەكتروندى كىتاپحاناعا سۇرانىس كۇرت ارتتى — 44% وسىم
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى