Автор: ADMIN
Қазақ ғылымы орны толмас қазаға ұшырады: Сейіт Қасқабасов өмірден өтті
Белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасов 85 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Сейіт Асқарұлы – қазақ әдебиеті мен фольклортану ғылымының дамуына зор үлес қосқан ірі тұлға. Ғалымның артында 300-ден астам ғылыми еңбек пен монографиялар қалды.
1940 жылы Семей қаласында дүниеге келген Сейіт Қасқабасов саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол Мәскеудегі М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында, Қазақ КСР Ғылым академиясында, сондай-ақ М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында түрлі жауапты қызметтер атқарды.
Сондай-ақ ғалым Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жазушылар мен қайраткерлерді ақтау ісіне белсене қатысып, ұлттық тарихтың ақтаңдақ беттерін ашуға үлес қосты.
Сейіт Қасқабасов 2001-2011 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болды. Әдебиеттану, фольклортану, қазақ руханияты салаларында өшпес із қалдырған ғалымның еңбегі қазақ ғылымының алтын қорына енді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастары бас қосты
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
Последние новости
Новый тренд эпохи AI — Vibe Coding
AI дәуіріндегі жаңа тренд: Vibe Coding