Автор: ADMIN
Қазақстандық жас боксшылар Азияны дүр сілкіндірді – 31 финалист!
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан тағы бір спорттық сенсация жасады. Жарыстың финалына 31 жерлесіміз жолдама алып, құрлықтық додада ең көп финалист шығарған ел атанды, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Бұл чемпионат – World Boxing ұйымының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстандық боксшылар барлық қатысушы елдерден озық шығып, көш бастады. Өзбекстан құрамасы 30 финалистпен екінші орында. Үштікті Үндістан (21), одан кейін Украина (12), Иран (6) және Иордания (4) боксшылары түйіндейді.
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 1 мамыр күні өтеді.
Келер бәсекелер де белгіленді:
• 19-22 жас аралығындағы жастар арасындағы Азия чемпионаты 20 шілде – 3 тамыз аралығында өтеді;
• Ал ересектер арасындағы тартысты турнир 1–15 қазан аралығына жоспарланған.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Aleksey Lucenko zavoeval zoloto Aziatskih igr v YAponii
558 спортшы, 35 спорт түрі: Қазақстан Азиадаға аттанды
Последние новости
558 sportşı, 35 sport türi: Qazaqstan Aziadağa attandı
558 سپورتشى, 35 سپورت تۇرى: قازاقستان ازياداعا اتتاندى
558 sportsmenov, 35 vidov sporta: Kazahstan otpravilsya na Aziadu