Автор: ADMIN
1 мамырда қайда барамыз? Алматы мен Астанада өтетін ең қызықты шаралар тізімі
2025 жылдың 1 мамырында Қазақстан халқы бірлігі күні ерекше маңызға ие. Биылғы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай елдің басты қалалары – Алматы мен Астанада мыңдаған адамды қамтитын түрлі ауқымды шаралар жоспарланған. Егер 1 мамырда қайда баруды білмей отырсаңыз – біз сізге ең қызықты бағдарламаларды ұсынбақпыз.
Алматы: Ән мен биден бастап спорт пен көрмеге дейін
Алматы қаласында мерекелік шаралар 1 мамыр күні сағат 10:30-да Абай алаңында басталады. “Бірлігі жарасқан Алматы” ұранымен өтетін мерекеде ұлттық билер, мәдени попурри, заманауи қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұсынылады.
Басты сахнада өнер көрсететіндер:
• L Duo дуэті
• Темірлан Бейсенбай (пианист)
• Diamond ішекті триосы
• Дудук шебері Мейірман Абдрахманұлы
• “Дервиши”, Made in KZ, Ay Yola топтары
• Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева
19:00-де гала-концертте:
• Айқын Төлепберген (хедлайнер)
• Беркут, Марсель, Думан Марат, Мархаба Саби
Сондай-ақ, “Халық бірлігі объективте” атты фотокөрме мен 300 адамның қатысуымен Бірлік жүгіруі өтеді.
Алматының аудандарында да қозғалыс көп:
• Әуезов: этноконцерт – 30 сәуір, Family Park
• Алмалы: концерт – 1 мамыр, М. Ганди саябағы
• Бостандық: “Атакент” аркасы алдында мереке
• Жетісу: Арбатта спорт пен ойындар
• Медеу: Орталық саябақта шоу
• Түрксіб: №6 оқушылар үйінде концерт
• Наурызбай мен Алатау аудандарында да түрлі мәдени кештер өтеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
200 شەشىمنىڭ 8-ى زاڭسىز: اباي وبلىسىندا شەنەۋنىكتەر جازالاندى
داجە بەزرابوتنىي وبيازان پلاتيتь اليمەنتى
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
Последние новости
Jwmıssız adam da aliment töleuge mindetti
جۇمىسسىز ادام دا اليمەنت تولەۋگە مىندەتتى
Daje bezrabotnıy obyazan platit' alimentı