Автор: ADMIN
Шетелге жол жүрмей тұрып екпе салдырдыңыз ба? Дәрігерлер маңызды ескертулер жасады
Шетелге демалысқа шықпас бұрын чемодан емес, алдымен екпе жайын ойлаңыз. Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға шет мемлекеттерге саяхаттамас бұрын міндетті және ұсынылатын екпелер туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ведомство өкілі Жанна Пірәлиеваның айтуынша, әлемнің көптеген өңірлерінде ауа, су, тағам немесе маса арқылы таралатын қауіпті жұқпалы аурулар әлі де көп. Вакцина – өзіңізді қорғаудың ең тиімді жолы.
«Жақсы саяхаттың кепілі – денсаулықты қорғаудан басталады. Кейбір вакциналар иммунитет қалыптастыру үшін бірнеше апта қажет етеді, сондықтан сапар алдында 4–8 апта бұрын екпе алған дұрыс», – дейді дәрігер.
Қай елге қандай екпе қажет?
• Сары безгекке қарсы екпе — Африка мен Оңтүстік Американың бірнеше елінде міндетті (мысалы, Бразилия, Колумбия, Нигерия).
• Менингококк инфекциясы — Сауд Арабиясы сияқты елдерге барушыларға талап етіледі.
• Іш сүзегі — Африка, Оңтүстік Америка және Азия елдеріне жол тартар алдында ұсынылады.
• Кене энцефалиті — Қазақстанның солтүстік өңірлері, Ресей және Еуропаның кей аймақтарында жиі кездеседі.
Дәрігер саяхатшыларға екпеден бөлек, басқа да сақтық шараларын ескеруді ұсынады: таза су ішу, жеке гигиенаны сақтау, ашық ауада серуендеу кезінде қорғаныш құралдарын пайдалану.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Qazaqstan delegaciyası Türki äleminiñ II Jastar forumına qatıstı
Изменены порядок оформления водительского удостоверения
28 قازان – حالىقارالىق انيماتسييا كۇنى
Последние новости
Jürgizuşi kuäligin alu tärtibi özgerdi
جۇرگىزۋشى كۋالىگىن الۋ تارتىبى وزگەردى
Изменены порядок оформления водительского удостоверения