Автор: ADMIN
Жас боксшылардан тарихи жетістік: Қазақстан Азия чемпионатында 10 алтын жеңіп алды

Иордания астанасы Амманда өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар ел тарихындағы үлкен жетістікке қол жеткізді. World Boxing ұйымының аясында алғаш рет ұйымдастырылған бұл жарыста Қазақстан құрамасы жалпы саны 10 алтын медаль иеленді – 5-еуі ұлдардан, 5-еуі қыздардан, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Ұлдардан — бес чемпион:
• Жұмағали Нұрмахан (46 кг)
• Темірали Темірбаев (52 кг)
• Досжан Жұмахан (54 кг)
• Санжар Матасов (75 кг)
• Мұхамедали Рүстембек (80 кг)
Сондай-ақ, Халиф Расул (50 кг) күміс медаль иеленсе, Рүстем Сапархан (48 кг), Анвар Идрисов (60 кг), Даниял Шалқарбай (66 кг) қола жүлдеге ие болды. Жас спортшыларды аға бапкер Бағдат Оңғарбеков дайындады.
Қыздар да қалыс қалмады:
• Марал Төлепберген (52 кг)
• Аяулым Оспанова (63 кг)
• Диляра Тұрсынбек (66 кг)
• Камила Оспанова (70 кг)
• Диана Надырбек (75 кг)
Күміс жүлде Фариза Тәжібаеваға (80 кг) бұйырса, Шұғыла Жарас, Лашын Дәулетжан, Балым Ғабитқызы, Индира Қыдырмолдаева, Айдана Әбдікерім және Елнура Қоңырат үздік үштікке енді. Қыздар құрамасын жарысқа аға бапкер Айбек Әбілда дайындады.
Қазақстанның жас боксшылары Азия аренасында айқын басымдық көрсетіп, еліміздің спорттағы жаңа буынының әлеуетін дәлелдеді.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы жаңа межеге жетті

В Кызылорде открылась первая школа нового формата

Qızılordada jaña formattağı zamanaui mektep esigin aştı
Последние новости

Qazaqstandıqtardıñ ömir süru wzaqtığı jaña mejege jetti

قازاقستاندىقتاردىڭ ومىر سۇرۋ ۇزاقتىعى جاڭا مەجەگە جەتتى

Средняя продолжительность жизни в Казахстане достигла 75 лет