Автор: ADMIN
Қоштасу қоңырауы биыл ерте соғылады: мектеп бітірушілер үшін маңызды өзгеріс
23 - 24 мамыр – мектеппен қоштасатын күн. Биыл соңғы қоңырау дәстүрлі 25 мамырға тура келмейді. Себебі 25-і жексенбіге түсіп отыр. Осыған байланысты 11-сынып түлектері үшін мерекелік іс-шараны мектептер өз таңдауы бойынша 23 не 24 мамырда өткізетін болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Алайда, биыл да ата-аналар мен оқушыларға бір ескерту бар:
Шамадан тыс сән-салтанатқа жол жоқ. Министрлік мектеп қабырғасынан тыс шеру, лимузин, ақша жинау, сәнді мейрамханаларда тойлау сияқты әрекеттерге тыйым салынатынын тағы бір еске салды. Мұндай шешім – барлық балаға тең мүмкіндік пен қауіпсіз орта қалыптастыру үшін қабылданған.
3,9 миллион оқушы оқу жылын аяқтайды, оның ішінде 217 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.
Соңғы оқу күні – 23 мамыр. Бұл күні еліміздегі барлық мектепте «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл тек қоштасу емес – өткен оқу жылына көз жүгіртіп, жетістіктер мен сәттерді еске алатын маңызды күн.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл шара оқушыларға патриотизм, білімге құштарлық пен еңбекқорлықты дәріптейді. Өйткені әр баланың жетістігі – ел болашағының кепілі.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Naznaçena data vskrıtiya probı B po doping-delu Janibeka Alimhanulı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Последние новости
Olimpiada jüldegeri Däulet Şabanbay üş jılğa sottaldı
وليمپيادا جۇلدەگەرى داۋلەت شابانباي ۇش جىلعا سوتتالدى
Olimpiyskiy prizer Däulet Şabanbay prigovoren k trem godam lişeniya svobodı