Автор: ADMIN
Зеленский Путиннің “үш күндік тыныштығынан” бас тартып, 30 күн сұрады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің 9 мамыр мерекесіне орай ұсынған үш күндік бітімгерлік ұсынысынан бас тартып, орнына атысты 30 күнге тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Shalqar.kz.
— Шартсыз атысты тоқтату – бұл америкалықтардың бастамасы. Біз соған келісіп қойдық. Бұл бүгін де басталуы мүмкін, не ертең немесе тіпті бұрынырақ. Бірақ үш күн аз. 30 күнге тоқтатып көрейік. Өйткені үш, бес, жеті күнде нақты ештеңе шешілмейді, — деді Зеленский.
Мұнымен қатар, Украина басшысы 9 мамырда Мәскеуге келетін шетелдік лидерлердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Зеленский Путиннің бітімгерлік ұсынысын “манипуляция” деп атаған болатын. Ол наурыз айында-ақ Украина мен АҚШ атысты толық тоқтату жөнінде келісіп қойғанын мәлімдеді.
— 8 мамырға дейін күтудің қажеті жоқ. Қан төгуді тоқтатуға ертең де, бүгін де болады, — деді ол.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى