Автор: ADMIN
Астанадағы тарихи әскери парадты тікелей эфирде көруге болады
2025 жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі — Астанада өтетін ауқымды әскери парад болмақ. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл салтанатты шеру Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Мерекелік шара 7 мамыр күні Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Парадқа 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сонымен қатар 66 бірлік ұшақ пен тікұшақ қатысады. Әскери авиацияның майдандық, армиялық және көліктік түрлерін көруге мүмкіндік болады.
Ең бастысы — бұл көріністі ел тұрғындары тікелей эфирде тамашалай алады. Теледидар алдында отырып-ақ, нағыз әскери рухты сезінуге мүмкіндік бар.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Ispaniyada poyızdardıñ soqtığısuınan 46 adam qaza taptı
Последние новости
Jasandı intellekt memlekettik byudjetti boljauğa qalay kömektesedi
جاساندى ينتەللەكت مەملەكەتتىك بيۋدجەتتى بولجاۋعا قالاي كومەكتەسەدى