Автор: ADMIN
Қазақстанда жазда 10 мыңнан астам лагерь мен 500-ден астам шатырлы демалыс аймағы ашылады

Жаз — тек демалыс емес, балалар үшін жаңа әсерлер мен пайдалы белсенділіктің маусымы. Биылғы жазда еліміз бойынша 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь мен 512 шатырлы және киіз үйлі кемпингтер жұмысын бастайды, деп хабарлайды Shalqar.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылғы жазғы демалыс маусымына белсенді дайындалып жатыр. Жоспар бойынша жазғы сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамту шараларымен 3,1 миллион бала қамтылады. Оның ішінде 500 мыңнан астамы — әлеуметтік осал санаттағы балалар.
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың бала лагерьлерде тегін демалады.
Жазғы маусымды ұйымдастыру жұмысы 9 мемлекеттік органның қатысуымен әзірленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аймақтарда арнайы штабтар құрылып, демалыс орталықтарының тізімі бекітілген. Санитарлық талаптар, азық-түлік қауіпсіздігі және судағы, ормандағы, спорт алаңдарындағы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда болады.
Балаларға арналған жаз қызықты әрі қауіпсіз өтуі үшін арнайы жадынамалар мен нұсқаулықтар да әзірленген.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

ديماشتىڭ 75 انى ارگەنتينا راديوسىندا شىرقالۋدا

Dimaştıñ 75 äni Argentina radiosında şırqaluda
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى