Автор: ADMIN
Мамырда аптап ыстық күтіледі: кей аймақтарда +36 градусқа дейін ысиды

Көктемнің соңғы айы Қазақстанда күншуақты әрі ыстық болғалы тұр. «Қазгидромет» мамандары 2025 жылдың мамырына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша, ай бойы еліміздің көп бөлігінде температура климаттық нормадан жоғары болады, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Негізгі болжамдар мынадай:
• Мамырда еліміздің батысы мен оңтүстігінде күн күрт ысиды — кей күндері ауа температурасы +36°С-қа дейін жетуі мүмкін.
• Алматы, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстары мен солтүстік өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты, жауын-шашынды болады.
• Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауылдар болуы мүмкін.
• Мамырдың басында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
• Кей жерлерде аяз болуы ықтимал: солтүстік пен орталықта -2°С-қа дейін суытуы мүмкін.
Аймақтарға бөлінген температура:
• Батыс: түнде +4…+14°С, күндіз +15…+30°С.
• Оңтүстік-батыс: түнде +10…+20°С, күндіз +20…+33°С.
• Солтүстік пен шығыс: түнде 0…+5°С, кейде -6°С-қа дейін аяз, күндіз +10…+30°С.
• Оңтүстік: күндіз +35°С-қа дейін аптап ыстық болады.
Күннің апта сайын құбылуы мүмкін екенін ескерсек, тұрғындарға ауа райы болжамын жиі бақылап отыру ұсынылады.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Wlttıq elektrondı kitaphanağa swranıs kürt arttı — 44% ösim
Последние новости

Qazaqstanda jurnalisterge arnalğan jaña pän engizildi

قازاقستاندا جۋرناليستەرگە ارنالعان جاڭا پان ەنگىزىلدى