Автор: ADMIN
АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар топтамасын дайындап қойды: энергетика мен банк секторына соққы
АҚШ Ресейге қарсы жаңа әрі ықпалды санкциялар пакетін әзірлеп болды. Бұл жолы шектеулер Ресейдің басты тірегі — энергетика мен қаржы саласына бағытталуы мүмкін, деп хабарлайды Shalqar.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сенсек, Вашингтонның нысанасында – «Газпром» сынды энергетикалық алпауыттар мен табиғи ресурстарға иелік ететін ірі корпорациялар, сондай-ақ негізгі банк жүйелері тұр. Жаңа шаралар қазіргі уақытта АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің деңгейінде пысықталып жатыр.
Санкциялар топтамасы бұрынғы президент Дональд Трампқа ұсынылатын болады. Алайда Трамптың бұл бастамаға келісетіні немесе қарсы шығатыны әзірге белгісіз.
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джеймс Хьюитт мәлімдеме жасап, президент атысты толық тоқтатуға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Бірақ келіссөздерге қатысты нақты ақпарат беруден бас тартты.
Ресей экономикасына қысым күшейе түсуі мүмкін. Бұл санкциялар Мәскеудің халықаралық нарықтағы ықпалына әсер етіп, жаһандық энергетикалық теңгерімге де өзгеріс әкелуі ықтимал.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер
Басты жаңалықтар
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
Последние новости
Japoniya Qazaqstannan mwnay aludı josparlap otır
جاپونييا قازاقستاننان مۇناي الۋدى جوسپارلاپ وتىر
YAponiya planiruet zakupat' neft' iz Kazahstana