Автор: ADMIN
Футбол көш бастады: Қазақстандағы ең танымал 10 спорт түрі аталды

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар ең көп қызығатын спорт түрлерінің рейтингін ұсынды. Статистикада бұқаралық спорт түрлеріне басымдық берілген, деп хабарлайды Shalqar.kz.
Көш басында — футбол. Бұл спорт түрімен елімізде 1 миллионнан астам адам айналысады. Дәлірек айтсақ, 1 113 299 қазақстандық футбол үйірмесіне қатысады, олардың жартысынан көбі – ауыл тұрғындары. Бұл футболдың кең таралған және қолжетімді спорт екенін дәлелдейді.
Ал үздік ондыққа кірген спорт түрлері төмендегідей:
1. Футбол – 1 113 299 қатысушы (ауылда – 589 394)
2. Классикалық волейбол – 767 580 (ауылда – 421 035)
3. Баскетбол – 541 819 (ауылда – 238 853)
4. Футзал – 368 349 (ауылда – 130 744)
5. Жеңіл атлетика – 347 654 (ауылда – 174 261)
6. Шахмат – 278 101 (ауылда – 128 243)
7. Үстел теннисі – 262 835 (ауылда – 127 416)
8. Дойбы – 213 490 (ауылда – 115 198)
9. Тоғызқұмалақ – 202 217 (ауылда – 119 302)
10. Қазақ күресі – 160 399 (ауылда – 87 030)
Министрлік бұл көрсеткіштер халықтың саламатты өмір салтына деген қызығушылығы артқанын айғақтайды дейді. Алдағы уақытта бұқаралық спортты дамыту және өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғаса бермек.
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

В Астане стартовал первый саммит “Центральная Азия – Италия”

استانادا “ورتالىق ازييا – يتالييا” سامميتى باستالدى

Алматы 5 аймаққа бөлінеді: Қала қайда және қалай дамиды?
Последние новости

Almatı 5 aymaqqa bölinedi: Qala qayda jäne qalay damidı?

الماتى 5 ايماققا بولىنەدى: قالا قايدا جانە قالاي داميدى?

Алматы разделят на 5 зон: Где появятся новые полицентры и что в них будет