Автор: ADMIN
Тарихпен суарылған тағзым: Президент Жеңіс күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Shalqar.kz Ақордаға сілтеме жасап.
“Құрметті отандастар!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді.
Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қиындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті.
Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз”, - делінген президент құттықтауында.
Бүгінгі бейбіт өмір – кешегі ерлікке тағзым. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Басқалармен бөлісе отырыңыз
Пікірлер

Басты жаңалықтар

Almatıda äygili twlğalardıñ dombıraları qoyılğan körme ötti

استاناداعى وتشاشۋ شوۋى: قايدا جانە قاشان تاماشالاۋعا بولادى?

В Астане пройдет ремесленная ярмарка ко Дню столицы
Последние новости

Astanadağı otşaşu şouı: qayda jäne qaşan tamaşalauğa boladı?

استاناداعى وتشاشۋ شوۋى: قايدا جانە قاشان تاماشالاۋعا بولادى?

Prezident Toqaev Elbasın 85 jasımen qwttıqtadı